- Барлық ақпарат
Ішкі Моңғұл құрлық портындағы жүк тасымалдау көлемі биыл 100 миллион тоннадан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғұл автономиялық регионы порт әкімшілігінің мәліметі бойынша, 14 тамызға дейін аймақтың құрлық порттары арқылы өтетін шекарааралық жүк тасымалының көлемі 100 миллион тонналық межеден асып түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 ай бұрын орындалып, ел бойынша жүк тасымалы көлемі жағынан көш бастады.
Моңғолия және Ресеймен шекаралас Ішкі Моңғұлда 14 құрлық порты бар. Ол тағы да Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізінің негізгі орталығы болып табылады.
Жыл басынан бері Хух-Хотоның шекарааралық сауданы жеңілдету пилоттық бағдарламасы, Маньчжоули мен Эрэн-Хото сияқты еркін сауда аймағы саясатының кеңеюіне байланысты жергілікті кедендік ресімдеу тиімділігі айтарлықтай жақсарды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



