- Барлық ақпарат
Ескі фотосуреттер Цинхай-Сицзан теміржолының кереметіне куә

Бұл Цинхай-Сицзан теміржолының Синин-Голмуд учаскесіндегі Цуаньцзися туннель кешенінің бірінші кезең жобасы. Ол 7 туннельден тұрады, көпірлер мен туннельдер бір-біріне иек артқан (1970 жылдары түсірілген).
18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл Цинхай-Сицзан теміржолының толық ашылғанына 20 жыл толып отыр. Ол ресми түрде 2006 жылдың 1 шілдесінде жұмыс істей бастаған болатын. Қытай халқына «Аспан жолы» деген атпен белгілі бұл теміржол Цинхай өлкесінің Синин қаласынан Сицзандағы Лхасаға дейін 1956 шақырымға созылып, әлемдегі теңіз деңгейінен ең биік теміржолға айналды.
Теміржол құрылысын Қытай 1958 жылы ресми түрде бастады. Пойыздарды Лхасаға жеткізу үшін құрылысшылар ұрпақтар бойы тер төкті.
Желі 550 шақырым мұзды жерді және 960 шақырым теңіз деңгейінен 4000 метрден жоғары тіршілік болмаған алқапты кесіп өтеді. Бірнеше буын құрылысшылар мәңгілік мұзды, қатты суық және оттегі тапшылығы, сондай-ақ нәзік экологиялық орта сынды үш негізгі жаһандық инженерлік қиындықты еңсерді.
Ашылғаннан бергі 20 жылда Цинхай-Сицзан теміржолы 100 миллионнан астам жолаушы мен 800 миллион тоннадан астам жүк тасымалдады. Бұл «Аспан жолы» адамдар мен тауарлар ағынының жыл сайынғы тұрақты артуына ықпал етті. Ол үстірттің орасан өзгеруіне куә болды. Әр дәуірдегі жандардың армандарын арқалап, нұрлы болашаққа қадам басты.

2003 жылдың 12 қазанында Янбацзин №1 туннелінің құрылыс тобы туннельдің кіреберісінен шығып келеді. Сол күні Янбацзин №1 туннелі сәтті тесілді. Туннел ұзындығы 4264 метр, Лхасадан 90 шақырым жерде орналасқан бұл туннель Цинхай-Сицзан теміржолындағы ең ұзын және соңғы аяқталған туннел.

Қытай теміржолы 11-інші бюро тобына тиесілі Дунфэн 4-типті тепловоз (№ 1083). 2004 жылдың 23 наурызында Цинхай-Сицзан теміржолының теңіз деңгейінен 4704 метр биіктікте орналасқан жол төсеу базасында түсірілген. Бұл Сицзан тарихындағы Цинхай-Сицзан темір жолының құрылысын қолдау үшін пайдаланылған алғашқы теміржол локомотиві болды.

2006 жылдың 20 маусымында пойыз Лхаса өзенінің теміржол көпірінен өтті. 2005 жылдың 13 мамырында Қытай теміржолының ірі көпір инженерлік тобы салған Цинхай-Сицзан теміржолының маңызды жобасы — Лхаса өзенінің үлкен көпірі толығымен қосылды.

2005 жылдың 24 тамызында Тангула таулары арқылы Цинхай-Сицзан теміржолының сәтті төселуін атап өту рәсімі өтті. Теңіз деңгейінен 5072 метр биіктікте сәтті жол төселіп, Қытай теміржол биіктігі бойынша әлемдік рекорд орнатты.

2005 жылдың 12 қазанында жұмысшылар Цинхай-Сицзан теміржолының Лхаса теміржол станциясына дейінгі жолының салынуын тойлады.

2006 жылдың 1 шілдесінде Лхасадан жолға шыққан «Цзан 2» мерекелік пойызы Лхаса өзенінің үлкен көпірінен өтті.

2006 жылдың 1 шілдесінде Цинхай өлкесінің Туотуо өзені көпіріне жақындаған кезде жергілікті тұрғындар Голмудтан шыққан «Цин 1» пойызын қарсы алды.

2006 жылдың 28 маусымында жолаушы жаңа ғана сатып алған Синин-Лхаса бағытындағы N917 жолаушылар пойызының бірінші күндік билетін көрсетті. Дәл осы күні Цинхай-Сицзан теміржолындағы түрлі жолаушылар пойыздарына билеттер ресми түрде сатыла бастады.

Теміржолшылар теміржол желісінен құмды тазалап жатыр (материалдық суреті).

2005 жылдың 30 наурызында екі жергілікті бала үйлерінің жанындағы Цинхай-Сицзан теміржолының құрылыс алаңында ойнап жүрді.

2006 жылдың 6 қазанында Шанхайдан Лхасаға бет алған Т164 пойызы Няньцин Тангула тауларының етегінен өтті.
people.cn © People's Daily Online



