Шанхайдың кеме экспорты алғашқы 7 айда 40 миллиард юаньнан асып, тапсырыс көлемі 2030 жылға дейін белгіленді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай кеденінің статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы 7 айында Шанхайдың кеме экспорты 40,09 миллиард юаньды құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64,1%-ға өскен. Сұйық заттарды тасымалдайтын және ірі контейнерлік жоғары деңгейлі кемелер бұл жалпы көлемнің 83,9%-ын құрады. Сауалнамалар Шанхайдағы ірі кеме жасау кәсіпорындарының өндіріс қуаты артып, тапсырыстардың көптігі анықталып, кейбір компаниялардың өндіріс кестесі 2030 жылға дейін құрылғанын көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото