- Барлық ақпарат
Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы портынан кіріп-шыққан жолаушылар саны алғашқы 7 айда сәйкес уақытпен салыстырғанда 29,3%-ға өсті

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кіру-шығу шекаралық бақылау станциясының мәліметі бойынша, Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы биылғы жылдың алғашқы 7 айында 729 000-нан астам жолаушыны өткізіп, бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 29,3%-ға өскен. Сол сияқты 5000-нан астам елге кіріп-шығатын жолаушылар рейсін қабылдап, көрсеткіш сәйкес уақытпен салыстырғанда 22,7%-ға артқан.
Орталық Азия, Батыс Азия және Еуропаны байланыстыратын негізгі авиациялық хаб ретінде қызмет ететін әуежай биыл халықаралық жолаушылар желісін кеңейтті. Атап айтқанда, Самарқандқа бағытты қайта жандандырды, Франкфурт және Ақтау сияқты қалаларға жаңа бағыттарды іске қосты, Астана, Бішкек, Ташкент және Ереванға ұшу жиілігін арттырды.
Статистика көрсеткендей, Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы порты қазіргі уақытта аптасына 200-ден астам жолаушы рейсін қабылдап, орташа тәуліктік ұшу көлемі сәйкес уақытпен салыстырғанда 40,4%-ға өсті. Орталық Азияға қосылған бағыттардың саны бүкіл ел бойынша көш бастап тұр. Ал Қазақстан, Өзбекстан және Ресей жолаушылар ең көп келетін елге айналды.
people.cn © People's Daily Online



