Қытайдың солтүстік-шығысындағы ең ұзын теңіз көпірінде негізгі жетістікке қол жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 тамыз

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 25 тамыз күні тілшінің алған мәліметіне сәйкес, Далянь Чанхай көпірінің жалпы ұзындығы 11,6 шақырым болатын негізгі болат шарбақ көпірі құрылымы толығымен қосылып, жоба құрылысындағы маңызды жетістікке қол жеткізді.

Чанхай көпірі Даляньның Чанхай ауданындағы Дачаншань арал ауылын Далянь қаласындағы Пуланьдиань аумағындағы Пикоу көшесімен байланыстырады. Жалпы ұзындығы 25,5 шақырым болатын бұл Қытайдың солтүстік-шығысындағы ең ұзын теңіз көпірі құрылысы 2025 жылдың маусым айында басталды. Чанхай ауданы Сары теңіздің солтүстігінде орналасқан және 195 аралдан тұрады, оның 18-інде тұрғындар қоныстанған. Көпір аяқталғаннан кейін, қазіргі уақытта теңіз көлігіне қатты тәуелді жергіліктің жүріп-тұруы түбегейлі өзгеріп, арал тұрғындарының қолайсыз ауа райында жолға шыға алмау мәселесін шешеді.

Бұл аймақтағы су желдің, толқындардың әсеріне қатты ұшырайтындықтан теңіз жағалауындағы тиімді құрылыс жүргізудің уақыты шамамен жылына 180 күн ғана болады. Сонымен қатар, таяз су құрылыс кемелерін қайраңдатып, жұмысты қиындатады. Болат шарбақ көпір теңіз жағалауындағы құрылысқа арналған арнайы жол ретінде қызмет ететіндіктен, бұдан былай барлық ауа райында өтуге мүмкіндік береді. Ол адамдар мен материалдарды тасымалдау тиімділігін арттырады және таяз судағы жұмыс кедергілерін жеңеді. Алға қарай жоба тобы қадалы іргетас жұмыстары және қорап арқалықтары сынды негізгі құрылыс жұмыстарын жалғастырмақшы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото