Қытайдың құтқару тобы Сицзанның Шигадзе қаласына лай көшкінінен құтқару жұмыстарын күшейту үшін барды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 тамыз

27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 тамыз күні таңертең Халық- азаттық армиясының Батыс бөлек қолбасшылығы әуе күштерінің Y-20 көлік ұшағы Батыс бөлек қолбасшылығының жетекші тобын Сицзанға жеткізді. Топ Шигадзе қаласының Цзилун ауданында болған лай көшкінінен кейінгі құтқару операциясына кірісті.

26 тамыз күні Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық өрт сөндіру және құтқару басқармасы 111 тиісті құтқару құралдарымен жабдықталған өрт сөндіру және құтқару қызметкерлерін апат болған орындағы құтқару жұмыстарына жіберді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 26 тамыз күні шамамен сағат 10:30-да Непал жағындағы лай көшкіні салдарынан Сицзанның Шигадзе қаласы Цзилун ауданы Цзилун портында ауыр адам шығыны болып, адамдар жарақат алды және хабар-ошарсыз кетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото