Қытай ұзақ уақыттан бері Қырғызстанның ең ірі сауда серіктесі болып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 тамыз

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сауда министрлігінің өкілі Хуан Лин 27 тамыз күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытайдың Қырғызстанның ең ірі сауда серіктесі ретіндегі мәртебесін ұзақ уақыт бойы сақтап келгенін мәлімдеді. Осы жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қытай мен Қырғызстан арасындағы сауда көлемі 11,7 миллиард долларға жетті. Қытайдың «жаңа үш» өнімі (электр көліктері, литий-ионды және күн батареялары) мен электромеханикалық жабдықтарының Қырғызстанға экспорты тез өсті. Ал қызмет көрсету саудасы және шекарааралық электрондық коммерция сияқты салалардағы ынтымақтастық ілгерілеуді жалғастыруда.

Қытай Қырғызстан үшін шетелдік инвестициялардың ең ірі көзі болып табылады. Биылғы шілде айының соңына дейін Қытайдың Қырғызстандағы барлық салаларға тікелей инвестициясы 2 миллиард доллардан асты. Ірі инфрақұрылым, энергетика, минералды ресурстар, ауыл шаруашылығы және жасыл даму салаларындағы жобалар үздіксіз дамып келеді. Сонымен қатар, Қытай мен Қырғызстан Қытай-Орталық Азия және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында сауда мен инвестицияларды ырықтандыру мен жеңілдетуді белсенді түрде зерттеп, ілгерілетіп, аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамытуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото