- Барлық ақпарат
Сыртқы істер министрлігі: Непал жағындағы апат болған өңірде шамамен 100 Қытай азаматы із-түзсіз кетті

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзянь 27 тамыз күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында лай тасқыны апаттары Қытай мен Непалды ауыр шығындарға ұшыратып, адамдар жарақат алып, қайтыс болып, із-түзсіз кеткенін мәлімдеді. Қытай Непал тарапымен тығыз байланыста болып, іздеу-құтқару жұмыстарын бірлесіп жүргізіп жатқанын жеткізді.
Линь Цзянь Сицзанның Цзилун ауданы жарияланған ақпаратқа сәйкес, алдын ала деректер бойынша қазіргі уақытта апат болған өңірлерде 260 шетелдік азамат із-түзсіз кеткенін, нақты мәліметтер әлі тексеріліп жатқанын айтты. Непал жағындағы зардап шеккен өңірлерде шамамен 100 Қытай азаматы жоғалып кеткен, ал Непалдағы Қытай елшілігі бұл ақпаратты Непал билігінен растап жатыр. Ресми өкіл аймақтағы Қытай азаматтарына уақытылы қауіпсіз жерге көшуді және қайталама апаттардан сақтануды тағы да ескертетінін жеткізді.
people.cn © People's Daily Online



