Қазақстан 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 тамыз

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Үкіметі іс-қимыл жоспарын бекітті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы жазды.

Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды, олар - азаматтардың бизнес пен экономиканың мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта енгізу.

Жоспардың басымдықтарының бірі – білім берудің барлық деңгейінде ЖИ-ді жаппай енгізу. AI-SANA бағдарламасын кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай мектептер, колледждер мен ЖОО түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен бір мезгілде студенттерді тереңдетіп оқыту және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары да кеңейтіледі. 2028 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізеді және экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаларды жаңартады.

Мемлекеттік қызметтер және әлеуметтік қолдау саласында азаматтардың артық жүрісінің уақыты мен санын қысқартуға баса назар аударылды. Жоспар жасанды интеллектіні, белсенді қызметтерді, автоматты түрде қол қоюды және процестерді автоматтандыруды анағұрлым кеңінен қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну уақыты кем дегенде 50%-ға қысқаруы тиіс.

Бизнес пен экономиканың мүддесі үшін цифрлық трансформация энергетика, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, логистика және агроөнеркәсіптік кешен сияқты негізгі салаларды қамтиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото