- Барлық ақпарат
«Си Цзиньпиннің сүйікті нақыл сөздері» (көптілді нұсқасы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің негізгі БАҚ-тары арқылы көрсетілді

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Медиа корпорациясы(CMG)шығарған «Си Цзиньпиннің сүйікті нақыл сөздері» бағдарламасының көптілді нұсқасының тұсаукесері 30 тамыз күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті. Сол күннен бастап бағдарламаны Қырғызстанның Ұлттық хабар тарату корпорациясы сынды Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің БАҚ-тары көрсетеді.
Бағдарламада Си Цзиньпиннің маңызды сөздерінде, мақалаларында және әңгімелерінде келтірілген ежелгі қытай классиктерінен әйгілі қанатты сөздер мұқият іріктелген. Онда Си Цзиньпиннің ерекше саяси даналығы, терең философиялық түсінігі және кең гуманистік рухы айқын көрсетілген. Бағдарлама ШЫҰ аймағындағы көрермендерге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ел басқаруға қатысты даналығын түсінуге жол сілтейді, сонымен бірге көпшілікке қытай мәдениетін жақсы түсінуге, қытай даналығын қабылдауға және қытай рухын бағалауға мүмкіндік береді.

people.cn © People's Daily Online



