- Барлық ақпарат
Хэлань тауында алғаш рет төрт ат жегілген арбаның жартас суреті табылды

1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Нинсяның Иньчуань қаласындағы Хэлань тауының жартас өнерін басқару кеңсесі жақында жүргізілген зерттеу барысында төрт ат жегілген арбаның сирек кездесетін жартас суретін тапты. Бұл Хэлань тауында алғаш рет байқалып отыр әрі бүкіл ел бойынша жартас суреттерінде өте сирек кездесетін бейне.
Жартас суреті жартылай көміліп қалған ағынды тасқа салынған. Тастың тек 15 сантиметрі жердің үстінде болғандықтан, арам шөптер басқан аймақтан оны байқау қиын. Қашау әдісімен салынған суреттің өлшемі 24×20 сантиметр. Қашалған оймалар шамамен 1,5 миллиметр тереңдікті құрайды.

Деректер Хэлань тауында 20-ға жетпейтін ат арбалы жартас суреті бар екенін, бұрын барлығы екі ат жегілген арбамен бейнеленген. Төрт ат жегілген арбаның жартас суреті тек Орта Азияда, Моңғолияда, Оңтүстік Сібірде және еліміздегі Шыңжаң мен Ішкі Моңғұлдың кейбір аймақтарында ғана кездеседі.
Хэлань тауындағы жартас суреті қорығында ежелгі тұрғындардың аң аулау, мал бағу және құрбандық шалу рәсімдерінің көріністері қашалған 6000-ға жуық жартас суреті туындылары бар. Бұл жәдігерлер жартас суретін түсінуді тереңдетіп, ежелгі Хэлань тау аймағындағы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының даму деңгейін айғақтайды. Қазіргі уақытта жергілікті үкімет жартас суретін сандық түрде сақтау үшін бірнеше зерттеу мекемелерімен серіктестік орнатты. Енді жаңа жартас суреті де сандық мұрағатқа енгізіліп, алғашқы адамзат өркениетін зерттеуде маңызды әрі нақты дәйек болмақ.
Фото:Хэлань тауының жартас өнерін басқару кеңсесі
people.cn © People's Daily Online



