Қытай берген көмек материалдарының екінші партиясы Непалға жәрдем көрсететін мамандармен бірге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 қыркүйек

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 1 қыркүйек күні шамамен сағат 17:30-да Қытайдың Непалға төтенше көмек материалдарының екінші партиясын тасымалдаған Қытай Халық-азаттық армиясының әуе күштерінің Y-20 ірі ұшағы Катманду халықаралық әуежайына қонды. Қытай жіберген көмек мамандарының үшінші тобындағы 5 DNA сәйкестендіру сарапшысы сол рейспен жетті.

Қытайдың Непалдағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Маомин мен Непалдың Ғылым, технология және инновация министрі Махабир Пун сарапшылар тобын қарсы алып, көмек материалдарын тапсыру рәсіміне қатысты.

Көмек материалдары Непалдың нақты қажеттіліктеріне негізделіп дайындалған дрондар, DNA тестілеу құралдары мен реагенттер, су тазарту жабдықтары және жарықтандыру құралдары сияқты шұғыл сұранысқа ие заттарды қамтиды. Қытайлық DNA-ны сәйкестендіру сарапшылары дереу Непал тарапына көмектесу үшін апат аймағына аттанды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото