Жеменей порты алғаш рет Ресейге 550 000 сабақ жаңа кесілген гүлдерді экспорттады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 қыркүйек

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 31 тамыз күні Қытайдың Шыңжаңындағы Жеменей портынан Ресейдің Жаңасібір облысына алғашқы топтағы 550 000 сабақтан тұратын жоғары сапалы жаңа кесілген гүлдер жөнелтілді. Бұл Жеменей портының балғын гүлдерді алғаш экспорттауы.

Шыңжаң Цзяннань халықаралық сауда жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экспортқа шығарған гүлдердің ішінде раушан гүлдері, күреңкей және гиперикум бұтақтары мен жапырақтары бар. Олардың жалпы саны 550 000 сабақ. Гүлдер суық сандықта тасымалдайтын тізбекті көліктермен шекара аттап тасымалданып, ресейлік тұрғындардың күнделікті тұрмысы мен мерекелік іс-шараларға деген әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото