- Барлық ақпарат
Биыл Шыңжаңның Алашанькоу порты арқылы 6000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойызы өтті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 1 қыркүйек күні Шыңжаңдағы Алашанькоу портынан алған мәліметіне сәйкес, биылғы жылы осы порттан 6000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойызы өтіп, межеге өткен жылмен салыстырғанда 41 күн бұрын қол жеткізген.
Сол күні электромеханикалық жабдықтар, жаңа энергия көлік құралдары және күнделікті тұтыну тауарлары толық тиелген жүк пойызы Алашанькоу портынан Польшаның Малашевиче қаласына жөнелтілді.
Алашанькоу порты Шыңжаңның Бұратала Моңғұл автономиялық облысында орналасқан. Бүгінгі күнге дейін порт 129 бағыт бойынша жалпы саны 58 000-нан астам жүк пойызын өткізді. Пойыздар Германия мен Польшаны қоса алғанда, 21 ел мен аймаққа қатынап, 200-ден астам жүк түрін тасымалдайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



