Лай көшкіні апатынан кейін Сицзанның Цзилун ауданының негізгі аймағында электр қуаты қалпына келтірілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік электр желісінің 3 қыркүйек күні кешкі хабарламасына сәйкес, Сицзанның Цзилун ауданындағы 216-ыншы Ұлттық тасжолының лай көшкінінен зақымдалған бөлігі қайта қалпына келтіріліп, Мемлекеттік электр желісі Сицзан электр қуаты құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қызметкерлер төтенше жағдайларға жауап беру мүмкіндіктерін нығайту және жиі көшкіндер мен тастардың домалауы сияқты қауіпті жағдайларды жеңу үшін тәулік бойы жұмыс істеп, 3 қыркүйек сағат 20:00-де Цзилун портының уақытша жарық беру желісін тартып, электр қуатын сәтті түрде іске қосты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото