Сауда министрлігі: Қытайдың қызмет көрсету импорты мен экспортының жалпы көлемі қаңтар-шілде айларында сәйкес уақытпен салыстырғанда 8,3%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сауда министрлігінің 3 қыркүйек күні жариялаған деректеріне сәйкес, биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында еліміздің қызмет көрсету импорты мен экспортының жалпы көлемі 4,44671 триллион юаньға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 8,3%-ға өскен.

Деректер осы кезеңде қызмет көрсету экспортының жалпы көлемі 1,77323 триллион юаньды құрап, сәйкес уақытпен салыстырғанда 17,1%-ға өскен, ал қызмет көрсету импортының жалпы көлемі 2,67348 триллион юаньға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 3,2%-ға артқан.

Нақтырақ айтқанда, саяхат және көлік тасымалы қызметтерінің экспорты жалпы қызмет көрсету экспортының өсуіне 50%-дан астам үлес қосты. Қаңтар-шілде айларында саяхат қызметтерінің экспорты 263,61 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 27,7%-ға өсті, ал көлік тасымалы қызметтерінің экспорты 363,23 млрд юаньға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 27,1%-ға жоғарылады. Осы уақытта саяхат және көлік тасымалы қызметтері жалпы қызмет экспортының өсуіне сәйкесінше 22,1% және 29,9% үлес қосты.

Білімді шоғырлы қажет ететін қызметтердің экспорты жалпы көлемнің жартысынан астамын құрады. Қаңтар-шілде айларында білімді шоғырлы қажет ететін қызметтердің импорты мен экспортының жалпы көлемі 1,960,62 триллион юаньды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға өсіп, қызмет көрсету саудасының жалпы көлемінің 44,1%-ын иеледі. Ал білімді шоғырлы қажет ететін қызметтердің экспорты 948,28 млрд юаньға жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға өсіп, қызмет көрсету экспортының жалпы көлемінің 53,5%-ын ұстады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото