- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы Қарасу порты қаңтар-тамыз айларында кедендік өткізу көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке жетті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң шекаралық бақылау станциясының соңғы статистикасына сәйкес, Қытай мен Тәжікстанды байланыстыратын жалғыз құрлық порты — Қашқардағы Қарасу портындағы шекарааралық экономикалық және сауда барыс-келісі биылғы жылы жоғары өсім көрсетті. Порттан өткен жолаушылар мен көлік құралдарының көлемі тарихи ең жоғары деңгейге жетті.
Статистика көрсеткендей, қаңтар-тамыз айларында порттан жалпы алғанда 18 000-ға жуық коммерциялық көлік және 40 000-нан астам жолаушы өткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше шамамен 20% және 30%-дан астам өсімді білдіреді. Тек тамыз айының өзінде ғана порт 3700-ден астам коммерциялық көлік пен 700-ден астам жолаушыны өткізген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



