Қытай 2026 жылдың алғашқы сегіз айында 115 жаңа халықаралық әуе жүк бағытын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай логистика және сатып алу федерациясының 3 қыркүйектегі мәліметі бойынша, Қытай 2026 жылдың басынан бері халықаралық әуе жүк тасымалы желісін нығайтуды жалғастырды. Тамыз айының өзінде ғана 11 жаңа халықаралық әуе жүк бағыты іске қосылып, аптасына 34 қос бағыттағы ұшу жүзеге асырылды. 31 тамызға дейінгі жағдай бойынша елімізде 2026 жылы барлығы 115 жаңа халықаралық әуе жүк бағыты ашылды. Бұл екі бағытқа ұшу жиілігін аптасына 292 рейске арттырды.

Бағыттарды бөлу тұрғысынан алғанда, биыл іске қосылған жаңа рейстер ішінде Азияға 57, Еуропаға 41, Солтүстік Америкаға 13, Африкаға 3 және Оңтүстік Америкаға 1 бағыт бар. Тасымалданатын жүктер негізінен трансшекаралық электрондық коммерция тауарларынан, жоғары сапалы өндіріс өнімдерінен, жоғары қосылған құнды тауарлардан, электроникадан және автомобиль бөлшектерінен тұрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото