Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының Қырғызстан бөлігіндегі алғашқы туннелі аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол компаниясының 5 қыркүйек күнгі мәліметінше, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының Қырғызстан бөлігінде орналасқан Қош-Төбе солтүстік №2 туннелі жақында сәтті ашылды. Сонымен қатар, Нарын №1 туннелі сияқты негізгі жобалар теміржол құрылысында өзекті ілгерілеушілікті білдіретін маңызды аралық жетістік кезеңіне қол жеткізді. Жаңадан аяқталған Қош-Төбе солтүстік №2 туннелінің ұзындығы 209,6 метрді құрайтын бір ұңғылы, бір жолды туннель. Оның ең үлкен қазылған тереңдігі 41 метр.

Теміржолдың бүкіл Қырғызстан бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусым айында басталған еді. Бүгінгі күнге дейін негізгі уақытша кірме жолдар мен уақытша электрмен жабдықтау нысандары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді; 27 туннельде, 43 көпірде және 88 жол төсемінде құрылыс басталды; ал 20 станцияның іргетасын қалау жұмыстары толығымен жүргізілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото