Непалдағы апаттан кейін су электр станциясы туннелінде 11 күн бойы қамалып қалған Қытай азаматы құтқарылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Непалдағы Қытай елшілігі 5 қыркүйек күні Непал құтқару қызметкерлерінің лай көшкіні салдарынан су электр станциясы туннелінде 11 күн бойы қамалып қалғаннан Қытай азаматы Лу Хайтаоды құтқарғанын растады.

Құтқарылған адамның айтуынша, туннельдің ішінде көмек күтіп жатқанда ол алыстан іздеу-құтқару топтарының шамдарын бірнеше рет көріп, қатты айқайлаған. Алайда құтқарушылар алыста болғандықтан, оның дауысын естімеген. 5 қыркүйекте құтқарушылар ақыры оған жақындап, шамдарының жарығы тура алдына түскен кезде ол сенер-сенбесін білмеген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото