Шанхай Пудун әуежайы Азия-Тынық мұхит аймағында байланыс бойынша бірінші орынды иеленді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық әуежайлар кеңесінің 7 қыркүйек күні жариялаған «Авиациялық өзара байланыс индексі» есебіне қарағанда, Шанхай Пудун әуежайы 2025 жылы үздік нәтижесі арқасында, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы байланыс бойынша бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар осы аймақтағы байланыс деңгейі аса жылдам әуежай атанды.

Есепте Азия-Тынық мұхиты және Орта Шығыс аймақтарындағы әуежайлардың байланысы 2025 жылы орта есеппен 11%-ға өскені көрсетілген. Соның ішінде, Қытайдағы бірнеше әуежайдың байланысы айтарлықтай жақсарған. Мәселен, Шанхай Пудун әуежайы, Гуанчжоу Байюнь әуежайы, Бейжің астаналық әуежайы және Сянган халықаралық әуежайлары зерттеу қамтыған Азия-Тынық мұхиты және Орта Шығыс аймақтарындағы 315 әуежай ішінде алғашқы ондыққа кірген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото