Сицзанның Цзилун ауданындағы лай көшкіні салдарынан қаза болғандардың кейбірінің жеке басы анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сицзан автономиялық регионы Цзилун ауданындағы «26 тамыз» лай көшкінінен кейін жедел құтқару штабының мәліметі бойынша, сарапшылар тобы құрылып, 60-тан астам сот-медициналық мамандар жұмылдырылды. Топ озық құралдармен жабдықталған 3 мамандандырылған зертхананы пайдалана отырып, тиісті ұлттық заңдар мен ережелерді қатаң сақтап, халықаралық тәжірибені толық ескеріп, қаза тапқандардың қадір-қасиетін және жергілікті әдет-ғұрыптарды құрметтеуді қамтамасыз етіп, құрбандардың жеке басын анықтау жұмыстарын ғылыми, тиімді, қатаң және мұқият жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қаза болғандардың кейбірінің жеке басы расталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото