- Барлық ақпарат
Бас кеден басқармасы: Қытайдың сыртқы саудасы алғашқы 8 айда 17,6%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Бас Кеден басқармасы еліміздің тауар импорты мен экспортының жалпы құны осы жылдың алғашқы 8 айында 34,78 триллион юаньға жеткенін, көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға өскенін хабарлады. Осы жалпы көлемнің ішінде экспорт 20,17 триллион юаньға жетіп, 14,6%-ға, ал импорт 14,61 триллион юаньды құрап, 22%-ға артқан.
Тамыз айының өзінде ғана импорт пен экспорттың жалпы көлемі 4,65 триллион юаньды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19,8%-ға ұлғайған. Экспорт пен импорт сәйкесінше 18,6%-ға және 21,7%-ға артқан. Сөйтіп, екеуі де 2 таңбалы өсімді 4 ай қатарынан сақтап келеді. Импорттың айлық өсу қарқыны сәйкес уақытпен салыстырғанда 6 ай бойы экспорттан жоғары болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



