- Барлық ақпарат
Қытайдың жарамды отандық өнертабыс патенттерінің қоры 5,394 миллионға жетті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың жыл сайынғы 15-інші зияткерлік меншік конференциясы 8-9 қыркүйек аралығында Бейжіңде өтті. Қытайдың Ұлттық зияткерлік меншік басқармасы елдегі жарамды отандық өнертабыс патенттерінің қоры 5,394 миллионға жеткенін, ал жарамды отандық сауда белгісін тіркеу саны 50,816 миллионды құрағанын хабарлады. Қытай PCT халықаралық патенттік өтінімдері бойынша 7 жыл қатарынан әлемде бірінші орынды ұстап келеді. Сондай-ақ Гаага жүйесі бойынша өнеркәсіптік дизайнға өтінімдер және Мадрид жүйесі халықаралық сауда белгісіне өтінімдер бойынша әлемде алдыңғы қатарда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



