Қытай жөнелткен төтенше жағдайларға көмек көрсету материалдарының төртінші партиясы Непалға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 8 қыркүйек күні түстен кейін Қытай тарапының төтенше жағдайларға көмек материалдарының төртінші партиясы Қытай Халық-азаттық армиясы әуе күштерінің Y-20 ірі тасымалдау ұшағымен Непалдың астанасы Катманду қаласындағы Трибхуван халықаралық әуежайына жетті.

Қытайдың Непалдағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Маомин және Непалдың Ғылым, технология және инновация министрі Махабир Пун көмек көрсету жабдықтарын тапсыру рәсіміне қатысты.

Құтқару әуе кемесі, тот баспайтын болаттан жасалған тұрақты магнитті су тасқынын бақылау сорғылары, резервтік батареялар, сақтау шкафтары және күн энергиясымен жұмыс істейтін шамдардан тұратын жабдықтар партиясы Непалдың ең шұғыл қажеттіліктеріне негізделіп дайындалған. Жеткізілген көмек жинақтарының апатқа ұшыраған аудандарда төтенше жағдайларға байланысты құтқару операцияларына және қалпына келтіру жұмыстарына септігі тиеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото