Чунцин-Алматы жолаушылар бағыты 24 қыркүйекте ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Чунцин Цзянбэй халықаралық әуежайының мәліметі бойынша, 2026 жылғы 24 қыркүйектен бастап Чунцин Цзянбэй халықаралық әуежайы Чунцин-Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейсін ашады. Бұл Чунциннан Орталық Азияға тікелей ұшатын тұңғыш жолаушылар әуе бағыты болмақ. Жаңа бағыт Чунциннің Орталық Азия аймағымен әуе байланысын айтарлықтай арттырып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасулар, экономикалық және сауда ынтымақтастығы үшін тиімді және тұрақты әуе қатынасын орнатады.

Бұл тұрақты бағытты Қазақстанның FlyArystan әуекомпаниясы Airbus A320 ұшағымен аптасына 2 рет орындайды. Елден ұшатын FS7870 рейсі Чунциннен бейсенбі және жексенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 05:55-те ұшып, Қазақстан уақыты бойынша 08:25-те Алматыға жетеді. Әуе кеңістігіндегі ұшу уақыты 5,5 сағат. Елге қайтатын FS7869 рейс сәрсенбі және сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 20:55-те Алматыдан ұшып, келесі күні Бейжің уақытымен 04:55-те Чунцинға қонады. Ұшу ұзақтығы шамамен 5 сағатқа созылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото