- Барлық ақпарат
Қытай энергияға деген сұраныс пен ұсыныс шиеленіскен тұста «тежегішті» басты

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында шетелдік әлеуметтік желілерде «New York Times» газетінің бұрынғы шолушысы Макс Фишердің «Қытай әлемді қалай үнсіз құтқарды» атты халықаралық энергетикалық талдау бейнеролигі қызу талқыға түсті. Видеода ол әлемдік мұнай танкерлерінің бағыттары көрсетілген картаны нұсқап, «Ең таңқаларлық жайт – кімнің мұнайға таласып жатқаны емес, кімнің қарқынды бәсеңдетіп жатқаны»-, деп атап өтеді. Бейнеролик 6 миллионнан астам рет қаралып, ал 20 мыңнан астам пікірдің көпшілігінде Қытайдың әрекеті «салмақты» және «парасатты» деп сипатталды.
Ормуз бұғазындағы шиеленіс пен геосаяси қақтығыс қаупінен туындаған әлемдік мұнай бағасының күрт өсуі жағдайында, нарық заңдылығы бойынша ірі тұтынушы елдер мұнай қорын топтауға асығып, жаһандық инфляцияны өршітеді. Алайда, бұл жолы Қытай қымбат шикі мұнайды сатып алу қарқынын икемді түрде бәсеңдетіп, сұраныс пен ұсыныс арасындағы шиеленіскен тепе-теңдікті реттейтін «тежегішті» басты.
«The Wall Street Journal» басылымы Қытайдың импортты азайтуы қысымға ұшыраған әлемдік экономикаға қолдау көрсету екенін атап өтті, ал «Le Figaro» мұны – 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейінгі Қытайдың жаһандық экономикалық тұрақтылықты сақтауда шешуші рөл атқарған тағы бір мысалы ретінде бағалады.
Қытай қалайша өзгеше жолды таңдай алды?
Біріншіден, соңғы жылдары халықаралық мұнай бағасы төмен болған кезеңде Қытай өзінің коммерциялық қор жүйесін жүйелі түрде дамытып, қомақты қор жинақтады. Ағымдағы циклде мұнай бағасы күрт көтерілгенде, қымбат импорттың орнына ішкі нарық бұрын жинақталған қорларды пайдаланды; осылайша нарықтағы баға шарықтаған сәтте сатып алу және сұраныс пен ұсыныс арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтырудан аулақ болды.
Екіншіден, әртараптандырылған және тұрақты жеткізу жүйесі елдің тәуекелдерге төтеп беру қабілетін күшейтті. Қытай Бразилия мен Африка сияқты аймақтардан шикі мұнай импорттауды үздіксіз кеңейтіп, тасымалдаудың бір ғана бағытына тәуелділікті азайтты. Сонымен қатар, нарыққа бағытталған, жетілген өңдеу тетіктері кәсіпорындарға баға сигналдарын жедел байқауға және сатып алу мен өндіру жоспарларын икемді түрде түзетуге мүмкіндік береді. Бұл геосаяси тұрақсыздық жағдайына төтеп беруге көбірек еркіндік береді.
Тереңірек үңілетін болсақ, энергетика логикасын түбегейлі өзгертіп жатқан фактор – тереңдетіле жүргізіліп жатқан «жасыл» көшу үдерісі. Халықаралық энергетика агенттігінің деректері көрсеткендей, биылдың екінші тоқсанында Қытайдағы электромобильдердің қолданылуы елде тәулігіне орта есеппен 1,5 миллион баррель шикі мұнайды аз тұтынуға тең болды. Жаңа энергия көздерінің қарқынды дамуы Қытайдың энергетикалық құрылымын өзгертіп қана қоймай, жаһандық энергетика нарығының іргелі қағидаттарына да біртіндеп ықпал етуде.
Жаһандық жағдайлардың тұрақсыздығы жағдайында «тежеу» батырмасын басу шешімінің астарында Қытайдың сыртқы белгісіздікке өз дамуының тұрақтылығы арқылы жауап беру тәсілі жатыр. Бұл – Қытайдың жаһандық нарықтың тұрақтылығына қосқан елеулі әрі тұрақты үлесі.
people.cn © People's Daily Online



