Қытай шетелдік инвестиция тартылған 84 маңызды жобаны тізімге қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 26-ыншы халықаралық инвестиция және сауда жәрмеңкесінде Қытайдың Сауда министрлігі жақында жалпы құны 19,46 миллиард АҚШ долларын құрайтын, шетелдік инвестиция тартылған 84 маңызды жобаны тізімге қосқаны туралы хабарланды.

Бұл жаңа жобалар негізінен өндіріс саласында шоғырланған және электромеханикалық жабдықтар, химия өнеркәсібі мен энергетика, автомобиль жасау және денсаулық сақтау сияқты бағыттарды қамтиды.

Сауда министрлігі жобаларды іске асыру барысын қадағалауды жалғастырып, жобаның барлық кезеңі бойынша нақты әрі толық циклді қолдау қызметтерін ұсынуда. Бүгінгі таңда осы маңызды жобаларға іс жүзінде игерілген шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 109,3 миллиард АҚШ долларына жетті. Осылайша, инвестиция ауқымының үлкендігімен, озық технологияларымен және инвестиция тарту жағындағы үлгілік әсерімен ерекшеленетін бірқатар ірі жоба сәтті енді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото