Телекоммуникациялық және онлайн алаяқтыққа қарсы халықаралық альянс құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйек күні Қытайдың Цзянсу өлкесіндегі Ляньюньган қаласында Телекоммуникациялық және онлайн алаяқтыққа қарсы халықаралық альянстың құрылуына орай отырыс өтті. Осы тарихи сәтке 46 құрылтайшы елдің, 34 бақылаушы елдің және БҰҰ мен Интерпол сынды 4 халықаралық ұйымның өкілдері куә болды.

Қытай үкіметінің бастамасымен құрылған бұл альянс – арнайы үкіметаралық халықаралық ұйым. Ол бүкіл әлемдегі құқық қорғау органдарының кең ауқымды қатысуын ынталандырып, жедел әрекет ету, үйлестіру әрі кәсіби мүмкіндіктері арқылы трансұлттық телекоммуникациялық және онлайн алаяқтықпен, сондай-ақ оған қатысты қылмыстармен тиімді күресетін альянс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото