- Барлық ақпарат
Қытайдың автомобиль экспорты тамыз айында 1,01 миллион данаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,3%-ға артты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай автомобиль өндірушілер қауымдастығы 10 қыркүйекте тамыз айындағы автомобиль өндірісі мен сатылымына қатысты деректерді жариялады. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, Қытай тамыз айында 1,01 миллион көлік экспорттаған. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,3%-ға артып, айлық экспорт көлемі қатарынан 3 ай бойы 1 миллиондық межеден асқан. Олардың ішінде жаңа энергетикалық көлік саны 526 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 130%-ға жоғарылаған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



