- Барлық ақпарат
Хэнаньнан Қытай-Еуропа бағытында қатынайтын жүк пойыздарының саны 20 мыңнан асты

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қыркүйекте фотоэлектрлік әйнек толтыра тиелген арнайы пойыз Хэнаньның Чжэнчжоу қаласынан жолға шықты. Бұл Хэнаньнан шыққан Қытай-Еуропа бағытында қатынайтын жүк пойызының жалпы саны 20 мың реттен асқанын көрсетеді. 2013 жылы ашылғаннан бері пойыздар Еуразияның 40-тан астам елі мен 140-тан астам қаласын қамтитын көлік желісін құрып, Азия мен Еуропа құрлықтарын тұтастыратын маңызды логистикалық артерияға айналды.
Қазіргі уақытта пойыз жолы үздіксіз кеңейіп келеді. Солтүстікке қарай Ресейге тұрақты түрде тікелей қатынайды, оңтүстікке қарай 5 күнде Таиландқа жетеді, ал батысқа қарай Каспий теңізінен өтетін мультимодальды тасымалды ашты. Кедендік жеңілдету реформасына сүйене отырып, тауарларддың кеденнен өту уақыты айтарлықтай қысқарды.




people.cn © People's Daily Online



