Гуйчжоу Сицзю 2026 қысқа бейне байқауы ресми түрде басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 қыркүйек

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қыркүйек күні онлайн «Халық Газеті» студиясында Гуйчжоу Сицзю шарап компаниясы ұйымдастырған 2026 жылғы қысқа бейне байқауы ресми түрде басталды.

«Өмір әдемі» тақырыбындағы байқау «табиғат сұлулығы, дәмді тағам, жайлы баспана, тамаша салт-дәстүр» атты төрт шығармашылық бағытты бөліп көрсетеді. Үміткер шығармаларының түріне ешқандай шектеу қойылмайды, өмірдегі деректі фильмдер, бейнеклиптер, влогтар және саяхат суреттері де қабылданады.

Байқауға отандық және шетелдегі авторлар қатыса алады. Шетелдік қатысушылар TikTok, YouTube және басқа да платформалар арқылы байқауға өз жұмыстарын ұсына алады. #MidAutumnWithXijiu немесе #Xijiu2026ShortVideoContest негізгі тақырыбы бар түпнұсқа жұмыстар сәтті қатысты деп саналады. Жұмыстарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 9 қыркүйектен 10 қазан сағат 24:00-ге дейін жалғасады. Толық ақпарат алу үшін «Xijiu Sales Company» қоғамдық аккаунтына немесе People's Daily Online+ клиенттік бағдарламасына кіріп, қатысу нұсқаулығын қараңыз (сілтеме: https://app.people.cn/h5/detail/normal/6999129987744768 ).

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото