Қытайлық инновациялық дәрі-дәрмектердің әлемдік нарыққа шығуы жеделдеп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 қыркүйек

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық медициналық өнімдер басқармасының 14 қыркүйек күнгі мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері қытайлық инновациялық дәрі-дәрмектердің әлемдік нарыққа шығу қарқыны одан әрі жеделдеді. Лицензия беру (License-out) бойынша жасалған сауданың жалпы құны 120 миллиард АҚШ долларынан асып, өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға өсті. Атап айтқанда, алдын ала төлемдер көлемі 10 миллиард доллардан асты. Нарықтағы негізгі үрдістерге сауданың орташа құнының тұрақты өсуі, алдын ала төлемдердің абсолюттік мөлшері мен үлесінің артуы және құны жоғары саудалардың жиі жасалуы жатады. Мұның бәрі отандық инновациялық дәрі-дәрмектердің құндылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қытай инновациялық дәрі-дәрмектерді зерттеу және әзірлеу саласында әлемдік көшбасшылар қатарында. 2025 жылы ел аумағында жаңа дәрі-дәрмектерге қатысты тіркелген клиникалық сынақтар саны 2900-ден асып, өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға өсіп, ауқымы жағынан жаңа рекорд орнатты. Озық салалардағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жасушалық және гендік терапияға қатысты клиникалық сынақтар саны жыл сайын шамамен 30%-ға артып, Қытайды жаңа дәрі-дәрмектерді клиникалық сынаудың ірі әлемдік орталығына айналдырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото