Қытай-Орталық Азия мәдени және туристік пойызы тұрақты жұмыс кезеңіне өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қыркүйек

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қыркүйекте Y499 туристік пойызы Шэньси өлкесінің Сиань қаласынан Қазақстанның Алматы қаласына бет алды. Бұл Қытай-Орталық Азия мәдени және туристік пойызының тұрақты жұмысының жаңа кезеңге өткенін білдіреді.

Бұл бағыт 15 күн 14 түнге созылып, «баяу саяхат және терең тәжірибе» қағидатына басымдық беретін сапар болмақшы. Пойыз жоғары сапалы жұмсақ ұйықтайтын купелермен жабдықталып, «пойыз адамға ілесіп жүретін» арнаулы қызмет түрін ұсынады. Жолаушылар жүктерін түсіріп, қайта кіргізіп әуре болмайды.

Пойыз 2 түрлі бағытты ұсынады: А бағыты Қорғас портынан шекарадан шығып, Алматыға бағыт алып, Қазақстан қалаларының көрінісі мен әдет-ғұрпын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді; В бағыты Шыңжаңдағы айналма жолды басып өтеді. Ол Қанас пен Дуку (Майтау-Күшар) тасжолы сияқты негізгі көрікті өлкелерді байланыстырады. Сонымен қатар, пойыз материалдық емес мәдени мұра қолөнері, Жібек жолы музыкалық аспаптарымен танысу және күз ортасындағы фестивальде айкүлше жасау сияқты мәдени іс-шараларды да ұсынады.

Үшінші пойыздың жолға шығуы осы жылдың қазан айының соңына жоспарлануы, Қазақстандағы туристік мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтеді. Бұл пойыздың үздіксіз жұмыс істеуі және тасымал нұсқасы шекарааралық мәдени және туристік өнімдерді жеткізуді байытып қана қоймай, сонымен қатар Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени алмасулар мен ынтымақтастық үшін жаңа көпір орнатады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото