- Барлық ақпарат
Такламакан шөлінде жаңа су көзі табылды

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң геологиялық бюросының гидрологиялық және қоршаған ортаны геологиялық зерттеу орталығы жүзеге асырған Оңтүстік Шыңжаң шөліндегі суды барлау жобасы тың нәтижеге қол жеткізді. Такламакан шөлінің оңтүстік жиегіндегі Ние ауданына қарасты екі орыннан ірі жер асты суы байқалды. Бұл жаңалық «шөлді жердің астында өлі су, тұзды су ғана бар» дейтін дәстүрлі түсінікті жоққа шығарды.
Жоба тобы сонымен қатар Такламакан шөлінің шекаралық бақылау жобасының тұзды суды пайдалану сынақ станциясын құрып, шөлдегі тұзды суды қауіпсіз суару үшін қолдануды іске асырды. Бұл құмның шекарасын бақылау жобасы үшін жаңа су көзімен қамтамасыз етті.
Шыңжаң геологиялық бюросының гидрологиялық және қоршаған ортаны геологиялық зерттеу орталығы Оңтүстік Шыңжаң шөл суын барлау жобасының жауапты тұлғасы Кан Цзянь жоба «спутниктік, әуе, жер, құдық» зерттеудің үйлесімін қамтығанын айтты. Бұнда геологиялық құрылымды бақылау үшін спутниктер пайдаланылды. Ұшақтар әуеден геофизикалық зерттеулер жүргізсе, зерттеу нәтижелерін растау үшін жер үстінде геофизикалық барлау және бұрғылау жұмыстары жалғасты. Алынған нәтижелер мұндағы жер астында ағынды, жаңартылатын тұщы және тұзды судың бар екенін растады.



people.cn © People's Daily Online



