Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасы жылдың алғашқы 8 айында Қытай-Еуропа (Орталық Азия) бағытында 666 жүк пойызын жөнелтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 қыркүйек

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Нанкин кеденінің деректеріне сәйкес, Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасы биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Қытай-Еуропа (Орталық Азия) бағытында барлығы 666 жүк пойызын жөнелтіп, 54 600 TEU көлемінде жүк тасымалдап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,18%-ға өсті.

«Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасы аясында жүзеге асырылған алғашқы нақты жоба ретінде бұл база ресми жұмысын бастағаннан бері Қытай-Еуропа (Орталық Азия) бағытында 8200-ден астам жүк пойызын жөнелтіп, 700 000 TEU-ден астам жүк тасымалдады. Ол орталық Азияның бесі елімен байланыстыратын Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан дәлізі, Қытай-Ресей бағыты және Транскаспий бағыты сынды халықаралық жүк тасымалдаудың 6 бағытын сәтті ашты. Бұл бағыттар Алашанькоу және Қорғас сияқты 5 шекаралық өткізу пунктін қамтып, Азия мен Еуропадағы көптеген халықаралық межелі пункттерге жетеді. Тасымалданған тауарлар қатарына автомобильдер мен олардың бөлшектері, химиялық өнімдер, тұрмыстық техника, тоқыма және киім-кешек, сондай-ақ электронды жабдықтар кіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото