- Барлық ақпарат
Қытай-Қазақстан астық саудасы платформасы іске қосылды

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қыркүйек күні Қытай мен Қазақстан астық кәсіпорындарының кездесуінде Қытай-Қазақстан астық саудасы платформасының ресми түрде іске қосылғаны жарияланды. Бұл екі ел арасындағы астық саудасы саласындағы ынтымақтастықтың цифрлану кезеңіне тың қадам жасағанын білдіреді.
Биыл мамыр айында Қытайдың Ұлттық Азық-түлік және стратегиялық резервтер басқармасы мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі астық саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойып, ұзақ мерзімді баянды ынтымақтастық механизмін орнатты. Осыдан кейін, екі тарап бірігіп платформа құруда елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізді. Сонымен қатар онлайн сауда бойынша пилоттық бағдарлама сәтті жүзеге асырылып, платформаның ресми іске қосылуына оңтайлы шарт-жағдай әзірленді. Осы жолы Ұлттық Азық-түлік және стратегиялық резервтер басқарманың Астық саудасын үйлестіру орталығы мен Қазақстанның ұлттық астық сауда тобы бірлесе әзірлеген бұл платформа екі елдің кәсіпорындарына астық саудасын онлайн жүргізудің стандартталған, тиімді әрі ыңғайлы жаңа арнасын ұсынды.
Фото:Ұлттық Азық-түлік және стратегиялық резервтер басқармасы

people.cn © People's Daily Online



