- Барлық ақпарат
Airbus компаниясы Қытайдағы екінші жалпы құрастыру желісінен шыққан алғашқы ұшақты тапсырды

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Airbus компаниясы Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы A320 сериясындағы ұшақтарды екінші жалпы құрастыру желісінде толық құрастыруын аяқтаған алғашқы A320neo ұшағының ресми түрде тапсырылғанын хабарлады. Бұл ұшақты China Eastern Airlines әуе компаниясы пайдалануға қабылдап алды. 2008 жылы Тяньцзиньде A320 сериясындағы ұшақтарын жалпы құрастырудың алғашқы желісі іске қосылғаннан бері Airbus осы санаттағы 800-ден астам ұшақты құрастырып, тапсырды. Екінші жалпы құрастыру желісінің іске қосылуы Airbus-қа өндірістік қуаттылықты айтарлықтай арттыруға және Қытайдағы, сондай-ақ бүкіл әлемдегі тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Airbus әлем бойынша 10 жалпы құрастыру желісін басқарады. Олардың төртеуі Германияның Гамбург қаласында, екеуі Францияның Тулуза қаласында, екеуі АҚШ-тың Мобил қаласында және екеуі Қытайдың Тяньцзинь қаласында орналасқан. Airbus-тың жаһандық авиация нарығына қатысты соңғы болжамына сәйкес, алдағы 20 жыл ішінде Қытайға 8830 жаңа жолаушылар ұшағы қажет болады. Бұл көрсеткіш сол кезеңдегі жаңа жолаушылар ұшақтарына деген жалпы әлемдік сұраныстың (42 060 бірлік) 20%-дан астамын құрайды.




people.cn © People's Daily Online



