- Барлық ақпарат
Сянган «Жаһандық қаржы орталықтары индексінде» әлем бойынша 3-орынды сақтап қалды

18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қыркүйек күні Ұлыбританиядағы Z/Yen Group және Қытай (Шэньчжэнь) Даму институты бірлесіп «Жаһандық қаржы орталықтары индексі» есебінің 40-ыншы шығарылымын жариялады. Сянган әлемдегі 3-інші ірі қаржы орталығы ретіндегі жалпы рейтингін сақтап, Азия-Тынық мұхиты аймағында жалғасты көш бастады.
Сянган үкіметінің өкілі «Бұл есеп Сянганның халықаралық қаржы орталығы ретіндегі жетекші орны мен қуатын тағы бір мәрте толық растайды. Сянган қаржылық технологиялар саласында әлем бойынша көш бастауды жалғастырып келеді. Сондай-ақ ол бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың барлық 5 бағыты бойынша үздіктер қатарынан орын алды. Атап айтқанда, «қаржы саласын дамыту» көрсеткіші бойынша рейтингі әлемде 1-інші орынға көтерілсе, «дарындылар капитал» 2-інші орнынды сақтапты, ал «бизнес орта» және «инфрақұрылым» көрсеткіштері де 2-інші орынға көтерілді. Сонымен қатар Сянган әртүрлі қаржы салаларындағы мамандардың бағалауы бойынша жоғары нәтижелер көрсетуден айнымады. «Инвестицияларды басқару» саласында әлем бойынша 1-інші орынға шықты, ал «сақтандыру» және «қаржыландыру» салаларында көшбасшылық орнын жалғасты сақтады»-, деп атап көрсетті.
people.cn © People's Daily Online



