Еліміздің 4 ірі теңіз айдынында жаппай балық аулау жұмыстары басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 қыркүйек

18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қыркүйек күні Сары теңіз бен Шығыс Қытай теңіз айдынында жазғы балық аулауға тыйым салу мерзімі аяқталды. Сонымен, еліміздің Бохай теңізі, Сары теңіз, Шығыс Қытай теңізі және Оңтүстік Қытай теңізі сынды 4 ірі теңіз айдынында балық аулау жұмыстары толықтай басталды.

Қазіргі жазғы балық аулауға тыйым салу жүйесі 4 ірі теңіз айдынын түгел қамтиды және шектеу мерзімі 3 жарым айдан 4 жарым айға дейін созылады. Осыған дейін балық аулауға рұқсат етілген теңіздерде көптеген кемелер қазірдің өзінде мол олжамен оралуда.

Ауыл шаруашылығы және Ауыл-қыстақ министрлігінің мониторингі көрсеткендей, жазда балық аулауға тыйым салу арқылы 4 ірі теңіз айдынындағы балық шаруашылығы ресурстарын бақылау мен қорғау айқын нәтиже көрсетті. Негізгі балық түрлерінің популяциясы жалпы алғанда өсіп, балық шаруашылығының ресурсы қысқа мерзімде айқын толықты.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото