Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қыркүйек

Қытайдың Сиань – Алматы бағыты бойынша қатынайтын халықаралық туристік пойыз Алматыға жетті. Жоба теміржол туризмін дамытуға және Қытай мен Қазақстан арасындағы туристік байланысты кеңейтуге бағытталған. Бұл туралы Rail-news.kz жазды.

Қазақстан аумағында туристерді тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырды. Халықаралық туристік пойыздың қозғалысы үшін шекаралық рәсімдер мен екі елдің теміржол қатынасын үйлестіру ескерілген арнайы қозғалыс кестесі әзірленген.

«Туристік пойыздарды дамыту – біз үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Теміржол қалалар мен өңірлерді, тарихи және табиғи нысандарды бір бағытқа біріктіріп, мазмұнды туристік бағдарлар құруға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – шетелдік серіктестермен бірлесіп, осы бағытты одан әрі дамыту, Қазақстан бойынша саяхат географиясын кеңейту және жолаушыларға сапалы туристік өнім ұсыну», – деді ҚР «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Алматыда Сианьнан барған қонақтар үшін арнайы мәдени-танымдық бағдарлама әзірленген. Туристер қаланың тарихымен, мәдениетімен және табиғи көрікті жерлерімен танысады.

Фото:Rail-news.kz

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото