2026 жылы Қытайға келген саяхатшылардың мобильді төлем транзакцияларының көлемі сәйкес уақытпен салыстырғанда 40%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қыркүйек күні тілшінің NetsUnion Clearing Corporation компаниясынан алған ақпаратына сәйкес, 2026 жылдың басынан бері NetsUnion қызметтері арқылы жасалған, Қытайға келген шетелдіктердің мобильді төлем транзакцияларының саны мен құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 70% және 40%-ға өсті.

Шетелдік келушілерге төлем жасау тәжірибесін оңтайландыру мақсатында NetsUnion банк карталарын кеңінен қолданатын Еуропа және Америка сияқты аймақтардан келген пайдаланушылар үшін «шетелдік карталарды ішкі нарықта қолдануға байлау» моделін қосып, шетелдік банк карталары мен ішкі QR-код арқылы төлем жүйелерін үздіксіз біріктіруді ілгерілетті. Бұл қызмет 200-ден астам ел мен аймақтан келген пайдаланушыларды қамтиды. Ал жергілікті цифрлық әмиян түрлеріне басымдық берілетін Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты аймақтардан келген пайдаланушылар үшін NetsUnion «шетелдік әмияндарды ішкі нарықта қолдану» моделін қосып, Қытай аумағында шетелдік әмияндарды тікелей пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл бастама 16 ірі шетелдік әмиян жүйесін байланыстырып, 11 ел мен аймақты қамтиды.

Сонымен қатар, NetsUnion «ішкі әмияндарды шетелде қолдану» экожүйесін оңтайландырып, ішкі әмиян пайдаланушыларының шетелде төлем жасау тәжірибесін жақсартты. Оның қызмет көрсету желісі 220 ел мен аймақты қамтып, QR-код арқылы төлем қабылдайтын 70 миллионнан астам сауда нүктесімен байланыс орнатты, осылайша қытайлық төлем қызметтерінің жаһандық деңгейде кеңеюіне және юаньның (RMB) халықаралық деңгейде қолданылуына оң ықпал етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото