Мемлекеттік кеңестің жаңа ережесі жөнінде пікір қабылданады: азамат жасына толмағандарды бейтаныс адамдармен байланыстыратын онлайн әлеуметтік желі қызметтеріне тыйым салынады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 қыркүйек

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Орталық интернет-желі және ақпараттандыру жөніндегі кеңсесі «Азамат жасына толмағандардың интернетті салауатты және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік кеңес ережесінің жобасын (пікір қабылдау жобасы)» ұйымдастырды. Жобада онлайн қызмет көрсетушілер азамат жасына толмағандарды бейтаныс адамдармен байланыстыратын онлайн әлеуметтік желі қызметтерін ұсынбауы керек деп көрсетілген.

Жобада онлайн қызмет көрсетушілер, ақылды терминал өнімдерін өндірушілер және қолданбаларды тарату платформасы қызметтерін ұсынушылар азамат жасына толмағандардың мүдделерін басымдыққа алу қағидатын ұстануы керек делінген. Олар азамат жасына толмағандардың физикалық және психикалық даму ерекшеліктерін толық ескеруі, азамат жасына толмағандарға ықтимал әсерді ғылыми тұрғыдан бағалауы, өздерінің мақсатты пайдаланушылар базасын және қызмет көрсету әдістерін ақылға қонымды түрде анықтауы тиіс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото