100 жылдан бері тұңғыш рет мысық тұқымдасына жаңа түр қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 қыркүйек

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Боливияның ну орманында тіршілік ететін бір түрдегі жабайы мысықтың бұрын белгісіз жаңа түр екені расталды. Ол «жолбарыс мысық» тұқымдасына жатады. Бұл 100 жылдан астам уақыттан бері адамзаттың мысық тұқымдас хайуанаттардың жаңа түрін тұңғыш байқауы.

17 қыркүйекте АҚШ-тың «Қазіргі биология» журналында жарияланған зерттеу есебіне сәйкес, бұл «жолбарыс мысық» Боливиядағы Анд тауларының шығыс бөктеріндегі Юнгас ормандарында мекендейді. Оның денесінің ұзындығы шамамен 46 сантиметр, ал салмағы 1,4 килограмм шамасында болып, әдеттегі үй мысығынан сәл кішірек келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото