- Барлық ақпарат
Қытайлық кәсіпорын жүзеге асыратын Өзбекстанның A380 тасжолын жаңғырту жобасы басталды

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай теміржол 20-сыншы бюросы(China Railway 20 Bureau Group Corporation) міндетіне алып салған Өзбекстанның A380 тасжолын жаңғырту және өзгерту түйінді жобасы 18 қыркүйекте Өзбекстанда ресми түрде жұмысын бастады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жобаның басталу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысып, оның сәтті жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.
A380 тасжолы — Өзбекстанның маңызды қатынас желісі. Білуімізше, бұл жолы жұмыс бастаған учаске A380 тасжолының 581-ден 673 шақырымына дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша бұрынғы көне қос жолақты тасжолы кеңейтіліп, жолдың көтерілімдік қуаты мен қауіпсіздік дәрежесі жаппай жоғарылатылады. Жоба тобының мәліметінше, бұл тасжол шамамен 2029 жылы іске қосылады.
people.cn © People's Daily Online



