Бейжің – юникорн кәсіпорындары саны ең көп қала

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 қыркүйек

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Cyzone компаниясының еншілес кәсіпорны – Bestla жариялаған «2026 жылдың бірінші жартысындағы ғаламдық юникорн кәсіпорындарына шолу есебіне» сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жартысында әлемде 179 жаңа юникорн компаниясы пайда болып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 250,98%-ға өскен. Олардың ішінде 81 компания АҚШ-та болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 179,31%-ға артты. Ал 68-і Қытайда орналасып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 6 есеге жуық жоғарылау тіркелген. 30 маусымдағы жағдай бойынша Бейжіңде 145 юникорн кәсіпорыны жұмыс істеп, қала аталмыш кәсіпорындар саны жағынан ел бойынша көш бастап тұр.

Есеп деректеріне сүйенсек, 30 маусымдағы жағдай бойынша әлемде 2034 белсенді юникорн компаниясы болған. Олардың ішінде АҚШ-та 921 орналасып, 45,28%-ын ұстайды. Қытайда 564 юникорн кәсіпорны қоныс теуіп, 27,73%-ын иеленеді. Қытай мен АҚШ әлемдік юникорн нарығының негізгі жағдайын белгілеуді жалғастырып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото