- Барлық ақпарат
Жүк көтерімділігі 2 тонна болатын сымға байланған әуе шары сынақтан сәтті өтті

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қыркүйек күні Қытайдың жүк көтергіштігі 2 тонна болатын, арқанмен бекітілген алғашқы әуе шары Сицзанның оңтүстік-шығыс бөлігін Гуандун-Сянган-Аомынь аймағымен байланыстыратын ±800 кВ-тық аса жоғары кернеулі тұрақты ток желісі жобасының Сицзандағы учаскесінде сынақтан сәтті өтті. Диаметрі 25 метр және биіктігі 8 қабатты үймен тең келетін бұл алып әуе шары электр беру желісі тірегінің 2 тонналық бөлшектерін теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктегі тік тау жотасына сәтті көтеріп шығара алады.

Сицзан мен Гуандунды байланыстыратын аса жоғары кернеулі жоба бағытының шамамен 90%-ы таулы аймақтар арқылы өтеді. Сынақ өткізілген биік таулы және шалғай аймақта жол салу немесе аспалы жол орнату сияқты дәстүрлі әдістерді қолдануға кететін шығын жоғары болып, әрі қоршаған ортаға зиян келтіреді. Жаңа әуе шары жердегі арқандау жүйесін пайдаланып, тік және көлденең бағыттағы орналасуын дәл басқарады. Бұл материалдарды бір нүктеден екінші нүктеге тікелей тасымалдауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға зиянсыз болуымен қатар, күрделі жер бедеріне байланысты қиындықтарды да еңсеруге көмектеседі. Бұл технологиялық жаңалық экстремалды жағдайларда инфрақұрылымды салудың тың шешімін ұсынады.


people.cn © People's Daily Online



