100-ден астам кәсіпорын мен 1000-нан астам ауыл шаруашылық машиналары 2026 жылғы Хэйлунцзян халықаралық ауыл шаруашылығы техникасы көрмесінде бой көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 қыркүйек

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қыркүйекте Хэйлунцзян халықаралық ауыл шаруашылығы техникасы көрмесі Харбин қар-мұз әлемінде ашылды. Көрме уақыты 3 күнге жалғасып, 21 қыркүйекте аяқталды.

Көрме алаңында ірі трактор, астық жинайтын комбайн сияқты түрлі ауыл шаруашылық машиналары ретімен тізілді. Келушілерге кәсіпорын қызметкерлері ауыл шаруашылық машина жабдықтарының құрылымын таныстырды. Саудагерлер мен кәсіпорын өкілдері өнімнің конфигурациясы, пайдалану тиімділігі және сатудан кейінгі қызмет көрсету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Осы кезекті көрменің жалпы ауданы 30 000 шаршы метрге жетті. Ел іші, сыртын 100-ден астам ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын кәсіпорындар, зерделі ауыл шаруашылық технология компаниялары, ғылыми-зерттеу орындары және қызмет көрсетушілер көрмеге қатысып, 1000-нан астам ауыл шаруашылығы машинасы бірге бой көрсетті. Одан басқа университеттердің ғылыми-зерттеу мекемелерінің озық ғылым-техникалық жетістіктеріне арнайы көрме аймағын құрып, соңғы ғылыми-зерттеу нәтижелерін көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото