- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Қытай диқандарын егін жинау мерекесімен құттықтады

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9-ыншы Қытай диқандарының егін жинау мерекесіне орай, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин ҚКП Орталық комитеті атынан бүкіл елдегі диқандарға, сондай-ақ «ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақтар және шаруалар» саласында еңбек етіп жүргендерге мерекелік құттықтау жолдап, шынайы ілтипатын білдірді.
Си Цзиньпин биыл елімізде жаздық дәнді дақылдар өнімі жаңа рекордтық деңгейге жеткенін, ерте пісетін күріштен алынған өнім тұрақтылықты сақтағанын және күзгі дәнді-дақылдардан мол өнім алу күтілетінін атап өтті.
Қытай диқандарының егін жинау мерекесі жыл сайын күзгі күн мен түннің теңелу күніне, яғни жаңаша күнтізбе бойынша әдетте 22-24 қыркүйек аралығына сәйкес келеді.
people.cn © People's Daily Online



