Қытай мен Қазақстан прагматикалық ынтымақтастықты тереңдетуге келісті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қыркүйек

Фото:Синьхуа

Фото:Синьхуа

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қыркүйек күні Бейжіңде Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсян Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.

Дин Сюэсян биылғы шілде айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арасында өткен кездесу екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен прагматикалық ынтымақтастықты тереңдету бағытын айқындап бергенін атап өтті. Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің тең төрағалары ретінде екі тарап мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды толық көлемде жүзеге асыруы және үйлестірушілік рөлдерін тиімді пайдалана отырып, сауда мен инвестиция, жасанды интеллект және жасыл минералдар сияқты негізгі салаларда прагматикалық ынтымақтастықтың жаңа жетістіктеріне қол жеткізуді ілгерілетіп, осылайша екі ел халқының әл-ауқатын одан әрі арттыруды көздейді.

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның екі ел басшыларының стратегиялық нұсқауларына сәйкес Қытаймен тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын жоғары деңгейге көтеруге дайын екенін мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото